|
Биыл елімізде 180 медициналық мекеме ұлттық стандарттар бойынша аккредиттеуден өтті. Соңғы 7 жылда 463 мекеме әлемдік талаптарға сәйкестігін растады. Ал 7 медициналық ұйым аккредиттеудің жоғарғы санатына ие болды. Медициналық қызметтің сапасын арттыру – өзекті мәселелердің бірі. Осы орайда бүгін Астанада еліміздің әр өңірінен келген 500-ден астам денсаулық сақтау саласының қызметкерлері бас қосты. Жиынға АҚШ, Малайзия, Польша, Түркия, Босния мен Герцеговинадан келген сарапшылар да қатысуда. Екі күнге жалғасатын жиында медициналық қызмет көрсету барысында туындайтын мәселелер талқыға салынады. Сондай-ақ мамандар үздік тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сағаттарын өткізеді. Айнұр Айыпханова, ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры: – Біздің жиналған үлкен тәжірибемізде тегін түрде бөлісу үшін осындай үлкен халықаралық конференцияны арнайы ұйымдастырып отырмыз. Себебі осы 7 жылда жиналған білімді барлық ауруханаларға қолжетімді ету керек. Мысалы, бүгін конференцияда 8 мемлекеттен 8 аккредиттеу жүйесінің ең жоғарғы санатты мамандары, халықаралық сарапшылар келді.
АҚПАРАТ КӨЗІ: http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/96364-l-an-khaly-araly-konferentsiya-bastaldy
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.khabar.kz