ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2020-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖОБАСЫ

Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы 2018 жылғы қарашадан бастап денсаулық сақтауды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде. Белгілі болғандай, мемлекеттік жоспарлау жүйесі еліміздің жаһандық даму жоспарларына негізделген салаға арналған бағдарламалық құжаттарды әзірлеуді көздейді.

 

Жаңа ДСДМБ жобасының құрылымына 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары мен Елбасының тапсырмалары негіз болды. Сонымен қатар, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында басталған негізгі реформалар жалғастырылды, халықаралы сарапшылардың ұсыныстары назарға алынды.

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің төралығымен бірінші жұмыс тобы 2019 жылдың ақпан айында ДСДРО негізінде жиналды, онда Денсаулық сақтауды дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы жобасының бірінші драфты ұсынылды.

 

Бірқатар тұрақты кездесулер мен жобаны пысықтау, көмек көрсетуді ұйымдастыруды болашақ дамытудан бастап мамандардың құзыреттілік деңгейін арттыруға дейінгі барлық мәселелерді қамтитын тақырыптық бейінді жұмыс топтарын өткізу туралы шешімге әкелді. ДСДРО базасында жұмыс топтары әрбір бағытты үш күн ішінде пысықтады және еліміздің барлық өңірлерінің және денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінің медицина қызметкерлері қатарынан - МСӘК, стационар, медициналық жоғары оқу орындары, сондай-ақ ҚЕМ және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері құрылды, бұл ретте топтар тек дәрігерлерден ғана емес, орта медицина қызметкерлерінен де қалыптасты.

Келесі тақырыптар бойынша талқыланған 13 жұмыс тобтары құрылды:

1.    Қоғамдық денсаулық сақтау

2.    Қан айналымы жүйесінің аурулары

3.    Менталдық Денсаулық

4.    Онкология

5.    Жарақат

6.    Тыныс алу мүшелерінің аурулары

7.    Репродуктивті және жыныстық денсаулық

8.    Асқазан-ішек жолдарының аурулары

9.    Эндокринология

10.  Балалар аурулары

11.  Неврология

12.  Геронтология

13.  АИТВ, туберкулез, гепатиттер.

Жұмыс нәтижесінде 2020-2025 жылдарға арналған ДСДМБ үшін ұсыныстар берілді.

Мемлекеттік бағдарламаның негізгі тұжырымдамасы қалыптасты және ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың төрағалығымен "Денсаулық сақтау" дайындау бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің отырысында "Астана медицина университеті" КЕАҚ негізінде 2019 жылғы 6 мамырда алғаш рет ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова ұсынды.

Отырыс жұмысына бірінші басшылар, бірінші басшының орынбасарлары және медициналық жоғары оқу орындарының, ҒЗИ, ҰО жетекші мамандары қатысты, олар жобаға қоғамдық денсаулық сақтауды қамтамасыз етуге, медициналық білім мен ғылымды дамытуға байланысты іс-шаралар бөлігінде ұсыныстар айтты.

Жаңа мемлекеттік бағдарламаның негізгі тұжырымдамасы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ДСДРО-мен бірлесе отырып ДСДМБ жобасын негізгі нәтижелер көрсеткіштерімен 2025 жылға дейінгі мерзімге дайындады.

Іс-шаралар жоспарының жобасы.

Жаңа ДСДМБ дайындау барысының келесі қадамы жалпылама талқылау және драфтты оқу іс-шаралары.