ҚАЗ  РУС

«Медициналық қызмет сапасы, пациенттер қауіпсіздігі және аккредиттеу»

халықаралық конференциясы

 

16-17 қараша күндері Астанада «Медициналық қызмет сапасы, пациенттер қауіпсіздігі және аккредиттеу» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Конференция жұмысына денсаулық сақтау саласының 500-ден аса медицина қызметкерлері мен ұйымдастырушылары, оның ішінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, медициналық және ғылыми  ұйымдардың, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы елдік офисінің ресми өкілдері, шетелдік серіктестер қатысты.

Конференция жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатысты.

Пленарлық отырыс барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары Б.Ш.Шәріп және Қоғамдық кеңес төрайымы Н.М.Петухова сөз сөйледі.  

Н.М.Петухова медициналық қызметтердің ұйымдастырылуы, сапасы және пациенттердің отандық медицинаға деген сенімдерінің азаюы секілді жүйелі шешімді қажет ететін, денсаулық сақтау саласының бірқатар проблемалық мәселелерін алға тартты.               

Қазіргі уақытта Қазақстанда бұл мәселелер сапаның сыртқы және ішкі аудиті, сапа стандарттары, медициналық ұйымдарды аккредиттеу жүйелері арқылы шешімін табуда.  Сапалы және дұрыс медициналық қызмет көрсетуге жұмылдырылған, емдеу хаттамаларын бекітетін Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі біріккен комиссия жұмыс істейді.

Отандық денсаулық сақтау саласының соңғы кездердегі жетістігі – әлемдік талаптарға сай құрылған аккредиттеу жүйесі: Қазақстанның ұлттық аккредиттеу стандарттары халықаралық деңгейде екі мәрте сертификатталды; сондай-ақ, аккредиттеу бойынша аудиторлар дайындау жүйесі мен аккредиттеуші орган Халықаралық сапа қоғамының сертификатын алды.

 «Біз Қазақстанда медициналық ұйымдарды аккредиттеудің ұлттық жүйесі құрылды деп айта аламыз. Және де одан әрі бірте-бірте халықаралық аккредиттеу жүйесіне өтеді», - деді Елжан Біртанов. 

Конференция аясында пайдасы зор семинарлар өтті, онда қазақстандық және халықаралық сарапшылар пациенттер қауіпсіздігін қолдау, медициналық қызметтер сапасы, медикаменттермен жұмыс,  инфекциялық бақылау, медициналық карталар аудиті бағытындағы үздік тәжірибелерімен бөлісті.

АҚШ-тан, Малайзиядан, Польшадан, Түркиядан, Босния және Герцеговинадан келген сарапшылар,  JСI (Joint commission international) және Accrediation Canada өкілдері қазақстандық мамандар үшін шеберлік сабақтарын өткізді.

Жалпы, ақысыз негізде 20-дан аса шеберлік сағаттары мен семинарлар өткізілді.

 

Конференциясының бағдарламасы

Спикерлер тізім

Конференция Қарарының жобасы

Бірінші күн материалдары

Екінші күн материалдары