Сүт безінің обыры

Автор: Super User

        Сүт безінің обыры – ДДСҰ Еуропалық өңірінде ең көп таралған онкологиялық ауру және әйелдер арасындағы обырдан болатын өлімнің негізгі себебі.

        ДДСҰ ақпаратына сәйкес, ДДСҰ–ның Еуропалық өңірінде сүт безінің обыры  сағат сайын 66 әйелде  диагностикаланады, ал 18-і осы дерттен қайтыс болады.

 

       Сүт безінің обыры симптомдары бар әйелдер қазіргі замандық диагностикалау мен емдеуге арналған сапалы медициналық қызметтердің жылдам және оңай көрсетілуін қажет етеді.

       2021 жылы құрылған сүт безінің обырымен күресу жөніндегі ДДСҰ жаһандық бастамасы (GBCI) бүкіл әлемде сүт безі обырынан болатын өлім көрсеткішін төмендету мақсатына әр алуан секторлардан мүдделес тараптарды біріктіреді. GBCI шеңберінде үш шешуші стратегия іске асырылады:

      GBCI мақсаты - 2040 жылға қарай жыл сайын әлемде сүт безінің обырынан болатын өлім көрсеткішін 2,5% төмендету, сол арқылы дүние жүзінде обырдан болатын өлімнің  2,5 млн. жағдайын болдырмау.

      Сүт безінің обыры кезіндегі тіршілік қабілетінің көрсеткіштері жоғары елдер тұрғылықты халықты денсаулық сақтау қызметтерімен қамту (қаржылық қорғау) деңгейінің өте жоғары болуымен және мемлекеттік онкологиялық орталықтар санының көптігімен (медициналық көмек қолжетімділігі мен сапасы) сипатталады. Жас шамасымен стандартталған сүт безі обырынан болатын өлім 1980 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңде табыс деңгейі жоғары елдерде 40% азайды.

      Сүт безі обырының нәтижелерін жақсарту үшін өзінің тиімділігін жария еткен емдеу әдістерін жаппай енгізуге мүмкіндік беретін денсаулық сақтау жүйелерінің базалық механизмдерін нығайту қажет. Оның басқа онкологиялық және онкологиялық емес, инфекциялық емес ауруларды (ИЕА) жүргізу үшін де маңызы зор.

      Қазақстанда сүт безі обыры әйелдердегі қатерлі жаңа түзілімдер құрылымында бірінші орын алады. Біздің елімізде, орта есеппен, жыл сайын сүт безінің обырымен 5000 науқасқа дейін анықталады, 1200 әйелге дейін көз жұмады.

      2011 жылдан бастап Қазақстанда сүт безі обырын ерте анықтауға арналған 40-тан 70 жасқа дейінгі әйелдер үшін скринингтік тексерулер өткізіледі. Ісіктер ерте сатыларда анықталғанда емдеу 95% онконауқаста сәтті өтеді. 

      Тіркелген жеріңіз бойынша емханаларда тегін скринингтен өтіңіз. Қазақстанда барлық онкологиялық ауруларды емдеу ТМККК шеңберінде толықтай мемлекет есебінен қаржыландырылады.

 

      Сүт безінің обырына қандай факторлар түрткі болады?

     Сүт безінің обыры әйелдерде бәрінен жиірек кездеседі. Кеуде безі обырының барлық жағдайларының 0,5-1%-ы  ерлер үлесінде.

      Сүт безі обырының даму қаупі бірқатар факторлар болғанда артады:

      Аурудың бастапқы сатыларында әйелдердің көпшілігінде симптомдар білінбейді.

      Кеуденің аномалиялық тығыздануы білінсе, егер тіпті тығыздық ауырсыну тудырмаса да, Сіз медициналық жәрдемге жүгінуіңіз қажет.

      Өзіңізді және жақындарыңызды қорған болыңыз!