11 қазан - Дүниежүзілік семіздікпен күрес күні

Автор: Super User

     Бүгінгі таңда семіздік дүниежүзінде ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады.

     Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша, артық салмақ пен семіздік эпидемия деңгейіне жеткен және өсіп келе жатқан әлеуметтік маңызды мәселе.

2022 жылы жылдық есептік деректер бойынша елде 14 жасқа дейінгі балалар арасында семіздік ауруының 5 мыңнан астам жағдайы тіркелген, оның 38% - ы алғаш рет анықталғандар.

      Жалпы семіздікпен жалпы сырқаттанушылық 100 мың тұрғынға шаққанда 100,9 жағдайды, қыздарда сырқаттанушылық 100 мың тұрғынға шаққанда 89,5 (43%), ұлдарда 100 мың тұрғынға шаққанда 111,6 жағдайды (57%) құрады.

      Бірақ айта кететіні, осы ауру бойынша бастапқы сырқаттанушылық тұрақты түрде төмендеу байқалуда. 2022 жылы 2018 жылғы деңгеймен салыстырғанда төмендеу үрдісі 55,9% құрады.

      2023 жылдың соңына қарай бастапқы семіздік бойынша 2 532 болады деген болжамды дерек бап, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 49,8% - ға төмен.

      Айта кететіні, артық салмағы бар адамдар қант диабеті және жүрек ауруы сияқты ауыр аурулардан зардап шегеді, бұл ерте өлімге әкелуі мүмкін.

      Бұл мәселенің оң шешімдерінің бірі дұрыс тамақтану болып табылады. Тамақтану кезінде ағзаға зиянды тағамдарды дәнді дақылдармен, көкөністермен, жемістермен және бұршақ дақылдарымен алмастыру керек. Сондай-ақ физикалық белсенділік пен спортпен шұғылдануды арттыру қажет.

       Өзіңізді қорғаңыз және аман-сау болыңыз!