8 қыркүйек - Дүниежүзілік физиотерапия күні

Автор: Super User

 

        Жыл сайын 8 қыркүйекте Дүниежүзілік физиотерапия күні атап өтіледі. Ол 1996 жылдан бастап 1951 жылы 8 қыркүйекте Копенгагенде құрылған Дүниежүзілік физикалық терапия конфедерациясының (WCPT) бастамасымен атап өтілуде.

        Физиотерапевт бұл - дәрігер, физикалық жаттығуларды, әртүрлі физикалық емдеу әдістерін және массажды қолдану арқылы науқастың бұзылған моторикасы мен қабілеттерін қалпына келтіретін немесе сақтайтын кәсіби білімді маман.

       ДДҰ болжамдарына сәйкес, денсаулық саласы мен әлеуметтік-демографиялық сипаттамалардың өзгеруіне байланысты бүкіл әлемде оңалту қажеттілігі артады. Осылайша, өмір сүру ұзақтығының артуы созылмалы аурулар мен мүгедектіктің ауыртпалығының артуымен қатар жүреді.

       Медициналық оңалту пациентті емдеудің ажырамас және маңызды бөлігі ретінде тану әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде Қазақстан Республикасында да осы саланың қарқынды дамуына әкелді.

       Біздің елімізде денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру жылдан жылға артып келеді, егер 2019 жылы стационарлық жағдайда медициналық көмекті қаржыландыру көлемі 26,2 млрд. теңгені құраса, 2022 жылы - 2,1 есе артты (55,9 млрд.теңге).

       Тиісінше, динамикада мұқтаж адамдарды медициналық оңалтумен қамтудың ұлғаюы байқалады, бұл тұтастай алғанда халықтың денсаулық жағдайына, өмір сүру ұзақтығының ұлғаюына оң әсер етуде.

       2023 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша медициналық оңалту қызметтерін алған 333 мыңнан астам пациент тіркелген (оның ішінде 140 мыңнан астам жағдай - стационарлық жағдайда, 192 мыңнан астам амбулаториялық жағдай).

       Оның ішінде стационар жағдайында:

      Медициналық оңалтудан өткендердің жалпы санының 28%-ы, бұл 14 жасқа дейінгі балалар (39 мың).

      Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын медициналық оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында көп бейінді аудандық ауруханалар деңгейінде қалпына келтіру емі орындарын ашу жұмыстары жалғасуда.

      2023 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша стационар деңгейінде медициналық оңалту қызметтерін ауыл халқының 19 мың жағдайы және амбулаториялық-емханалық жағдайларда ауыл халқының 21 мың жағдайы тіркелді.