Ғылыми жобаны қалай басқаруға болады?

Автор: Super User
 
 
2020 жылдың 12-16 қазан аралығында Академияның магистранттары, докторанттары денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулерді тиімді жоспарлау негіздері және ғылыми жарияланымдар этикасы бойынша семинарға қатысты.
Бір апта бойы білім беру семинарының жиырма тыңдаушысы ғылыми зерттеулер саласындағы халықаралық және ұлттық құқық негіздерімен, QPBR, GLP, GLP, GCLP және т. б. биомедициналық зерттеулер жүргізудегі тиісті практика стандарттары ретінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР жаңа Кодексі шеңберінде қабылданған биомедициналық зерттеулерді реттеудегі жаңа тәсілдерімен танысты.
Барлық қатысушылар ғылыми жобаларды ұсынды, онда басшылармен бірге зерттелетін зерттеудің мақсаттары мен міндеттері, проблемалары, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жобасының дизайны нақты көрсетілді.
Семинарды ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының Білім мен ғылымды дамыту орталығының жетекшісі, м.ғ.д. Виталий Викторович Койков жүргізді.
Қорытынды дәріске проректорлар: М.М. Есіркепов, Б.К. Нұрмашев қатысты. Академия әкімшілігі атынан ҚР ДСМ ДСДРО басшылығына білім мен ғылымды дамыту, ғылыми және талдамалық зерттеулер жүргізу, ғылыми жобаларды әзірлеу саласындағы тығыз ынтымақтастығы үшін ризашылықтарын білдірілді.
Семинарға қатысушылардың барлығы сертификат алды.
Семинарды ОҚМА ғылыми-клиникалық жұмыс, докторантура және магистратура басқармасы ұйымдастырды.