Құрметті қазақстандықтар!

Автор: Super User

Сіздерді Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

Баршамыз үшін бұл күннің орны да, орайы да бөлек. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы мен еліміздің өркендеуі де осынау мерекенің жемісі.

Жеңісті күнді жақындатуға үлес қосқан ата-апаларымыздың майдан даласындағы ерлігі мен тылдағы еңбегі өлшеусіз. Олардың ардақты ісін бүгінгі ұрпақ лайықты табыстармен жалғастырып келеді.

Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз! Аспанымыз ашық боп, еліміз гүлдене бергей!

 

Құрметпен,

Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының Басқарма төрағасы Гүлнәр Құлқаева