12 СӘУІР - ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен 12 сәуір "Ғылым қызметкерлері күні"болып белгіленді.
​Ғылым ел экономикасының, оның ішінде денсаулық сақтау саласының дамуында үлкен рөл атқарады. Ғылымсыз, жаңа технологияларды енгізбестен, цифрландырусыз экономикада да, әлеуметтік салада да жетістіктерге жету мүмкін еместігін сөзсіз атап өтуге болады. Пандемия ғылымның қоғам өміріндегі рөлін тағы бір рет көрсетті.
​Біз медицина ғылымын дамытудың перспективалық бағыттарын дамыта отырып, денсаулық сақтау саласындағы маңызды міндеттерді шешу үшін белсенді жұмыс істейтін ғалымдарымызды мақтан тұтамыз.
Рекордтық қысқа мерзімде (47 күн) біздің ғалымдар QazVac деп аталатын алғашқы кандидаттық вакцинаны - инактивтендірілген вакцинаны әзірледі, ол қауіпсіздік пен иммуногенділік бойынша өте жоғары көрсеткіштерді көрсетті. COVID-19 қарсы QazVac вакцинасының клиникалық сынақ хаттамалары ДДҰ-ның ресми ресурстарына Covid-19-ға қарсы кандидаттық вакциналар тізіміне енгізілген.
Сонымен қатар, тағы бірнеше Covid-19 вакциналары жасалды. Жақсы көрсеткіштері бар QazCoVac-P суббірлік вакцинасы клиникалық зерттеулердің 2 кезеңінен өтті. Каприпоксвирус тұмауының вирусы векторының негізінде 2 векторлық вакцина жасалды, сондай-ақ тірі әлсіретілген вакцина жасалды. Бұл вакциналар клиникаға дейінгі сынақтардан сәтті өтті, жақын арада клиникалық зерттеулер жүргізу жоспарлануда.
Қазіргі уақытта қазақстандық ғалымдар зерттеулер жүргізуде, оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының әрбір нақты қаласы мен аудан орталығы тұрғындарының денсаулығына қауіптіліктің I класты өнеркәсіптік өңірлерінің, автокөлік пен сумен жабдықтау жүйелері әсерінің нақты көрінісі айқындалатын болады. Халықтың денсаулығына әсер ететін негізгі факторлар, сондай-ақ осы факторлардың әсер ету дәрежесі мен пайда болу себептері анықталатын болады.Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінің аумақтары ГАЖ технологиясын (картаға түсіру) пайдалана отырып, халық денсаулығына интегралдық қауіптердің қолайлылық дәрежесі бойынша ұйымдастырылатын болады.
Қазақ этносында алғаш рет 14 маңызды аурудың (артериялық гипертензия, бауыр циррозы, сүт безі обыры және т.б.) гендік полиморфизмдерін анықтау бойынша генетикалық талдау жүргізілуде.
Ғылыми зерттеулердің шеңберінде коронарлық ангиографияның нәтижелерін талдау және жүректің ишемиялық ауруы кезінде терапиялық араласудың оңтайлы тәсілін таңдау үшін отандық зияткерлік компьютерлік бағдарламаны (жасанды интеллект) әзірлеу жүргізілуде, ол маңызды мәнге ие болады, өйткені бұл медициналық қателіктердің санын азайтуға, диагнозды тұжырымдаудағы дәлсіздіктерді болдырмауға, нақты науқас үшін дұрыс шешім қабылдау уақытын жеделдетуге мүмкіндік береді.
Онкология ғалымдары морфологиялық, функционалдық, биохимиялық, иммунофенотиптік және молекулалық-генетикалық биомаркерлердің рөлін зерттеуге негізделген заманауи тәсілдерді қолданудың негізінде қатерлі ауруларды (өкпе обыры, асқазан обыры, аналық без обыры, жатыр мойны обыры, колоректалдық обыр, жіті лейкемия, экстрагонадтық герминогендік жасушалық ісіктер) ерте диагностикалау мен емдеудің инновациялық технологияларын әзірлеу және дамыту бойынша зерттеулер жүргізеді.
Құрметті ғалымдар! Сіздерді кәсіптік мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздердің күнделікті қажырлы еңбегіңіз, бірегей әзірлемелеріңіз, идеяларыңыз, стандартты емес тәсілдеріңіз және батыл эксперименттеріңіз баға жетпес және Отанымыздың өркендеуіне және халықтың денсаулығы үшін өз үлесін қосады.
Денсаулық, жаңашыл идеялар мен жаңа жаңалықтар тілейміз!