Астана қаласында біліктілікті арттырудың бірінші курсы аяқталды

Автор: Super User

 

Астана қаласында биылғы жылы "Денсаулық сақтаудағы аккредиттеу шеңберінде медициналық ұйымдарды сыртқы кешенді бағалау"тақырыбында біліктілікті арттырудың бірінші курсы аяқталды. Курстың ұйымдастырушысы-ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми  денсаулық сақтауды дамыту  орталығы" ШЖҚ РМК.

Оқытуға Қазақстанның түкпір-түкпірінен, соның ішінде Ақтөбе, Семей, Қызылорда, Тараз, Қарағанды, Алматы, Астана қалаларынан медициналық ұйымдардан 50-ден астам маман қатысты.

Оқытуға қатысушылар өткізілген сабақтардың әртүрлі және қызықты форматын атап өтті. Спикерлер курс шеңберінде практикалық бөлімге, сондай-ақ қатысушылардың командалық жұмыс дағдыларын пысықтауына үлкен көңіл бөлді. Мамандардың пікірінше, бұл курс тиімді коммуникациялар үшін ашық алаң болып табылады.

Осылайша, осы біліктілікті арттыру курсының арқасында Қазақстандағы медициналық ұйымдарды ұлттық аккредиттеу шеңберінде сыртқы кешенді бағалау сарапшыларының тізілімі денсаулық сақтау саласындағы жаңа мамандармен және кәсіпқой мамандармен толықтырылды.

ҚР ДСМ "Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту  орталығы" ШЖҚ РМК атап өткендей, мұндай оқыту курстарын өткізу республикадағы денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу процесін жетілдіруге және оны неғұрлым қолжетімді әрі тиімді етуге мүмкіндік береді.