Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстары жөніндегі өңірлік есеп таныстырылды

Автор: Super User

 

2020 жылы Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы Денсаулық сақтау саласындағы кадрлық ресурстар бойынша Ұлттық үйлестіруші болып тағайындалған еді. Ұлттық үйлестіруші қызметін атқаратын ҰҒДСДО Кадрлық ресурстар обсерваториясының басты міндеттері - кадрлық ресурстар жағдайын бақылауда ұстау, денсаулық сақтау саласының оңтайлы кадрлық саясатын жүргізу шараларын іске асыру, кадрлық қызметтер потенциалын күшейту. 

 

12-14 қыркүйек аралығында Израильдің Тель-Авив қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа өңірлік бюросының 72 сессиясы өтті. 

 

 

 

14 қыркүйек күні ҰҒДСДО Кадрлық ресурстар обсерваториясының мамандары "Денсаулық пен күтім, Еуропадағы жұмыс күші: әрекет ететін шақ" өңірлік есебінің таныстырылымы" атты адами ресурстар жөніндегі қосымша сессияға тыңдаушы ретінде қатысты.  Сессияға ДДСҰ ЕӨБ директоры, доктор Ханс Клюге де атсалысты. 

 

 

 

Сессия барысында ДДСҰ ЕӨБ денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстары мен қызмет көрсету жөніндегі өңірлік кеңесшісі, доктор Томас Сапата өңірлік есептің негізгі қорытындылары төңірегінде сөз қозғады. 

 

 

Сапата мырза ұсынған өңірлік есеп құрамында "Қазақстан. Денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстары" тақырыбында сараптамалық мәліметтер ұсынылды. Сол сияқты аталмыш өңірлік есепте ДДСҰ мүшелігіндегі 53 мемлекеттің кадрлық ресурстары жөніндегі мәліметтерді қамтылған.   

 

 

 

Сондай-ақ есепте денсаулық сақтаудың кадрлық әлеуетін күшейту бойынша он нақты қадам атап көрсетілген:

  1. Білім беруді халық сұранысы мен денсаулық сақтау талаптарына сай икемдеу; 
  2. Кадрларды тың білім, жаңа біліктіліктермен қамтамасыз етіп отыру мақсатында үздіксіз кәсіби дамуды қолға алу; 
  3. Жұмыс күшінің тиімділігін арттыратын сандық құралдарды пайдалану; 
  4. Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін ауылды жерлер мен шалғай елді мекендерге тартатын стратегия әзірлеу; 
  5. Өмірлік балансты ұстап, саламатты өмір салтын тұтуға мүмкіндік беретін еңбек жағдайын қалыптастыру; 
  6. Қызметкерлердің денсаулығы мен психикалық саулығын қорғау; 
  7. Персоналды басқару және жоспарлауға арналған көшбасшылық әлеуетін арттыру; 
  8. Жинақтау және талдауға арналған сапалы мәліметтерді алуға мүмкіндік беретін денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін күшейту; 
  9. Білім беру, дамыту және еңбек күшін қорғауға арналған мемлекеттік инвестициялар көлемін ұлғайту; 
  10. Ақпараттық кадрлық саясат көмегімен ресурстарды пайдалануды оңтайландыру. 

 

Өңірлік есеппен толығырақ танысу үшін сілтемеге өтіңіз.