Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның құрамына енгізуге арналған конкурсқа қатысу

Автор: Super User

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – ҚР ДСМ) Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) мүшелікке үміткерлерге іріктеу жүргізеді.

 

Комиссиясы ҚР ДСМ  жанында тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады және клиникалық хаттамаларды жетілдіру,  медициналық технологияларды, медициналық білім беруді, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді,  денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің сапасын және қолжетімділігін бақылау жүйесін бағалау жөнінде ұсынымдар әзірлеу үшін құрылған.

 

Комиссия ҚР ДСМ өкілдерінен, «Атамекен»  ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан және үкіметтік емес ұйымдардан (бұдан әрі – ҮЕҰ) тұрады. Әр ҮЕҰ-дан Комиссияның құрамына тек бір ғана өкіл кіреді.

 

Іріктеуге қатысу үшін үміткерлер жұмыс тобына мынадай құжаттарды ұсынулары қажет:

Комиссияға мүшелікке  үміткерлердің  құжаттары 2018 жылғы  21 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы, 010000,  Астана қ., Мәңгілік ел даңғ., 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс мекенжайы бойынша, немесе n.ulukbek@mz.gov.kz электрондық мекен-жайына қабылданады.