Қырғызстан қазақстандық медициналық орталықтардың қызметтеріне қызығушылық танытуда

Автор: Super User

Қазақстанда медициналық туризмді дамыту аясында қазақстандық клиникалардың медициналық қызметтерін шетелде жылжыту жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылады. Медициналық қызметтерді жылжытудың негізгі тетіктерінің бірі  көрмелер, ақпараттық шерулер, конференциялар және форумдар ұйымдастыру болып табылады.

 

 Шілде айының соңында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы туристік операторлар мен агенттіктердің басшылары, Қырғыз Республикасы медициналық ұйымдарының өкілдері үшін  Алматының медициналық клиникалары бойынша ақпараттық шеру өткізді.

 

Ақпараттық шеру  аясында делегация қазақстандық медицина орталықтарымен, жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсететін клиникалық ауруханалармен таныстырылды:

 

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығын аралау барысында делегация  орталықтың жұмысымен, оның төсек-орын қорымен, кадрлық әлеуетімен, көрсететін медициналық қызметтер аясымен, қамтылған медициналық жабдықтарымен танысты.

 

Одан әрі ынтымақтасу шеңберінде онкопатологиясы бар балаларды диагностикалау және емдеу мәселелері, Педиатрия және балалар хирургиясы орталығының базасында Қырғыз Республикасынан келген ауыр онкологиялық және гематологиялық аурулары бар балаларды емдеуде гемопоэздік дің жасушаларын транспланттау мүмкіндігі талқыланды.

 

Қырғызстан балаларын Алматыда  емдеу  артықшылықтарының ішінде географиялық жағынан жақын орналасу, пациентті тасымалдау шамамен 2 сағатқа созылады, жаңа емдеу технологиялары, жоғары білікті медициналық персонал, қызметтерге дереу қол жеткізу, әр клиентке жеке қызмет көрсету, сондай-ақ қазақстандық клиникалардың баға саясаты аталып өтті.