
Скрининг — белгілі бір жастағы сау адамдарды алдын-ала медициналық тексеруден өткізу, қауіп факторлары мен ауруларды ерте сатысында анықтау процесі.

Скринингтік тексерулер ауруларды бастауыш кезеңдерінде немесе оларға бейімділікті анықтауға, тиімді емдеу әдісін таңдауға және профилактикалық шараларды енгізуге мүмкіндік береді.

Ерте кезеңде анықталған ісік толығымен емделуі мүмкін. Алайда, аурудың белгілері байқала бастағанда және ісіктің таралу қаупі артқанда, емдеу процесі күрделене түседі. Сондықтан қатерлі ісікті оның таралуына дейін, яғни ерте сатысында анықтау және емдеу – өлім-жітімді төмендетудің ең тиімді тәсілі болып табылады.

Көп жағдайда ісік ерте кезеңдерде байқалмайды, өйткені аурудың басталуы симптомсыз өтеді. Науқас өзінің жағдайында ешқандай өзгеріс сезбейді және тексеруге дәрігерге барудан бас тартады.
Ал, скринингтен емханадан тегін өтуге болады. Ол үшін барлығын есепке алғанда 3 күн әлеуметтік демалыс беріледі.