ДСДРО АҚШ мейіргерлерінің мемлекеттік кеңестері ұлттық комитетімен байланыс орнатуда

27-30 қарашада ДСДРО өкілдері жұмыс сапарымен Америка Құрама Штаттары мейіргерлерінің мемлекеттік кеңестері ұлттық комитетінің (NCSBN) шақыруымен Чикагода болды.  

NCSBN – үкіметтік емес ұйым, ұйым арқылы АҚШ халқының денсаулығын қорғап қана қоймай, мейіргерлерге арналған ұлттық лицензияланған емтихан (NCLEX) өткізуді қамтамасыз етеді, нәтижелері АҚШ-та ғана емес, Канада аумағында да мойындалады. 

NCSBN барудағы мақсат – Қазақстанда денсаулық сақтау мамандарын сертификаттау жүйесін медициналық қызметті лицензиялау жүйесіне ауыстыру үшін орта медицина қызметкерлерін лицензиялау және сертификаттаудың халықаралық тәжірибелерімен танысу. 

Сапар аясында ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова NCSBN-мен орта медицина қызметкерлерінің медициналық қызметтерін реттеу, медициналық білімдерін жетілдіру және лицензиялау саласында  ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

ДСДРО өкілдері емтихан материалдарын әзірлеу, лицензиялық емтиханнан өту баллын белгілеу және психометриялық талдау жасау арқылы нәтижелерді есептеу тәжірибелерімен танысты. Сондай-ақ, медициналық реттеуде және лицензиялауда ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері талқыланды.

Сапар  NCSBN қаражаты есебінен ұйымдастырылды.