Мырзағалиева Жансауле Сейітжанқызы - Аккредитация орталығының сыртқы кешенді бағалау бөлімінің жетекші маманы

Білімі және біліктілігі: Жоғары экономикалық - М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-педагогикалық университеті; «Информатика» мамандығы бойынша техникалық - А.Байтұрсынов атындағы Қостанай МУ.

Сертификаттары:

Americangulfinternational - денсаулық сақтау саласындағы аккредитация мәселелері жөніндегі инспектор; Americangulfinternational – денсаулық сақтау саласындағы аккредитация мәселелері бойынша тренер; «Тәуелсіз сараптама мәселелері» бойынша біліктілігін арттыру; American institute for healthcare quality – аккредитация бойынша сюрвейер; Americangulfinternational – денсаулық сақтау саласындағы аккредитация мәселелері бойынша сарапшы-кеңесші; Americangulfinternational – денсаулық сақтау саласындағы аккредитация мәселелері жөніндегі үйлестірушінің сарапшысы; «Клиникалық практикада және үзіліссіз медициналық білім бағдарламаларында электрондық ресурстарды тиімді пайдалану»; СМЖ « Заманауи ұйым қызметін басқарудағы кәсіби тәсілдеме»; «СМЖ ИСО 9001:2008 енгізу»; «СТ ҚР ИСО 9001:2009 және ИСО 9001:2008 негізіндегі сапа менеджменті жүйесіндегі басшылық жауапкершілігі және көшбасшылық»

Ағымдағы жобалар:

  • - медициналық ұйымдарды, сарапшыларды денсаулық сақтау саласындағы аккредитация мәселелері бойынша консультативтік-әдістемелік, ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу (стандарттар интерпретациясы, СИ МҚСБЖ, Аккредитация үлгісі);
  • - аккредиттелген және аккредиттелмеген медициналық ұйымдар бойынша деректер қорын өзекті ету;
  • - аккредитацияның әдістемелік құжаттамаларын, стандарттары мен индикаторларын әзірлеуге және жетілдіруге қатысу;
  • - аккредитация жүйесінің халықаралық тәжірибелерін зерделеу.

Байланыс дерегі: murzagalieva_zh@rcrz.kz, жұмыс тел. 700-950 (ішкі 1068).