Бәйменова Диллахан Мұхамеджанқызы - алғашқы медициналық санитарлық көмекті (АМСК) дамыту секторының меңгерушісі Білімі және біліктілігі: «дәрігер-терапевт» мамандығы бойынша жоғары медициналық, «емдеу ісі» факультеті, Қарағанды мемлекеттік медицина институты; «Жалпы практика дәрігері», «жоғары санатты дәрігер-терапевт» сертификаттары, терапия бойынша тәуелсіз сарапшы аккредиттеу куәлігі бар. екінші жоғары білім - «денсаулық сақтау саласындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті. Негізгі құзыреттілігі мен білігі: АМСК-ті жаңғырту және басымдықты дамыту, мектептегі медицинаны енгізу және дамыту, АМСК мамандарының жұмыстарын жетілдіру, халыққа АМСК-тің қолжетімділігін жақсарту, жалпы дәрігерлік тәжірибені дамытуға негізделген әлеуметтік-бағдарланған АМСК-ті одан әрі дамыту мәселелері. Ағымдағы жобалар: «АМСК-ті жұмылдыру және басымдықты дамыту негізінде барлық қызметтерді пациенттің қажеттілігінің айналасына біріктіру» жобасының жол картасын жүзеге асыру. Байланыс деректері: baimenova_d@rcrz.kz , тел.700-950 (ішкі 1089) |