Жалдыбаева Сәуле Сақтағанқызы - фармацевтикалық саясатты жетілдіру бөлімінің бастығы

Білімі және біліктілігі:

жоғары - «фармация» мамандығы бойынша, провизор біліктілігі, Шымкент мемлекеттік фармацевтика институты; «Есепке алу және аудит» мамандығы бойынша бакалавр, Алматы экономика және статистика академиясы.

Негізгі құзыреттілігі мен білігі:

- тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері;

- Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық жабдықтар айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау;

- медициналық ұйымдардағы дәрілік заттар менеджменті;

- дәрілік заттарды ұтымды пайдалану мониторингі әдістерін әзірлеу және тәжірибеге енгізу;

- ұтымды пайдалану жөнінде зерттеулер жүргізу.

Ағымдағы жобалар:

- Паллиативтік көмек үшін берілетін құрамында есірткі заттары бар дәрі-дәрмек қажеттілігін есептеу әдістерін әзірлеу;

- КТМКК аясында Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алынған антибиотиктердің қолданылуын талдау;

- Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық жабдықтар айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

- дәрі-дәрмек саясаты мәселелері бойынша «Денсаулық сақтау саласында жекеменшік сектордың үлесін арттыру» жобасына тартылған.

Байланыс дерегі: zhaldybaeva_s@rcrz.kz, 700-950 (ішкі 1079)