Есбатырова Ләззат Мұратқызы - ұтымды фармациялық терапия бөлімінің бастығы

Білімі және біліктілігі

«Емдеу ісі» факультеті, Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясы, «жалпы дәрігерлік практика» мамандығы бойынша интернатура; 3 анықтамалық, 3 әдістемелік ұсынымдардың қосалқы авторы, 10 дәрі-дәрмек бюллетені мен «Дәрі қалай жұмыс істейді?» буклетінің әзірлеушісі және қосалқы авторы.

Сертификаттары:

- АМДЖИ, «клиникалық фармакология» (қайта даярлау);

- «Республикалық дәрігерлерді дипломнан кейінгі оқыту институты» ЖШС, «денсаулық сақтау менеджері» (қайта даярлау);

- ҚР ДСМ «ДСДРО» ШЖҚ-дағы РМК, «Денсаулық сақтау менеджері» мамандығының «Тәуелсіз сараптама» циклі бойынша біліктілігін арттыру;

- Қазан (Приволжье) Федеральды Университеті, «Фармакология/дәлелді фармакология мен фармациялық терапиядағы ақпараттық технологиялар» магистратурасы.

Негізгі құзыреттілігі мен білігі:

- дәрілік заттар, дәрілік қамтамасыз ету және формулярлық жүйе туралы ақпараттар жинау, өңдеу және талдау;

- дәрілік заттардың клиникалық тиімділігі жөнінде сараптамалық қорытынды дайындау; анықтамалық материалдар, әдістемелік ұсынымдар мен дәрі-дәрмек бюллетеньдерін әзірлеу;

- дәрілік заттарды ұтымды пайдалану (бөлек бөлімдер, сатылар, тапсырмалар бойынша) жөнінде зерттеулер жүргізу, алынған нәтижелерді бөлімшелердің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес өңдеу және талдау;

- медицина қызметкерлерін дәрілік заттарды оңтайлы және қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша ақпараттандыру;

- тұрғындарға және денсаулық сақтау саласының мамандарына дәрілік заттар мен дәрілік қамтамасыз ету жүйесі туралы сенімді ақпарат ұсыну;

- дамыған елдердегі қымбат дәрілік заттарды қайтару, өтеу жүйесіне шолу жүргізу.

Ағымдағы жобалар:

- «Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану» жобасының менеджері. Фармациялық терапия бөлігі бойынша клиникалық хаттамалар жобаларын бағалау;

- дәлелді медицина қағидаттарын пайдалану арқылы дәрілік заттардың клиникалық тиімділігі туралы ғылыми-негіздемелік ұсынымдар беру;

- дәрілік заттарды әдепті жеткізудің халықаралық тәжірибелеріне талдау жүргізу;

- тұрғындарға және денсаулық сақтау саласының мамандарына дәрілік заттар туралы сенімді ақпараттың қолжетімділігін арттыру.

Байланыс дерегі: esbatyrova_l@rcrz.kz, 700-950 (ішкі 1083)