Мұханова Гүлжан Теміржанқызы - стандарттау бөлімінің бас маманы Білімі және біліктілігі: - педиатр, Семей мемлекеттік медицина академиясы; - «неонатология» бойынша жоғары біліктілік санаты; - «анестезиология-реаниматология» мамандығы бойынша сертификат. Негізгі құзыреттілігі мен білігі: - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен ынтымақтастықта жұмыс жасайды; - заң процесстерінде болып жатқан жағдайларды назарда ұстайды; - денсаулық сақтау саясатындағы өзгерістерді зерделейді; - құзыреттілік және қызметтік талдау жүргізуге, қайта реттеу аясында уәкілетті орган НҚА сараптауларға қатысады; - денсаулық сақтауды стандарттау саласындағы сарапшы. Ағымдағы жобалар: - республика тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмекті стандарттау жолымен пациенттерге бағдарланған денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің қолжетімділігі және қызмет сапасын арттыру; - түрлі салалардағы (анестезиология-реаниматология, педиатрия, лабораториялық диагностика, патологиялық анатомиялық және цитологиялық диагностика, балалар (неонатальды) хирургиясы, токсикология) медициналық көмек көрсету ұйымдарының стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарының жұмыстарын ұйымдастыру; - Медициналық ұйымдардың, қызмет түрлеріне қарамастан, аймақтарға шығу арқылы медициналық көмек көрсету стандарттарын енгізудің тиімділігіне мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс топтарының жұмыстарын ұйымдастыру; - ақпараттық құжаттар дайындау, блогтар, талдамалық анықтамалар жазу, мақалалар жариялау, әдістемелік ұсынымдар әзірлеу. Байланыс дерегі: mukhanova_g@rcrz.kz, +7 (7172) 700-956 |