Иманова Жазира Ақтайқызы - Стандарттау бөлімінің бастығы Білімі және біліктілігі: педиатр, Қарағанды мемлекеттік медицина институты Негізгі құзыреттілігі мен білігі: - денсаулық сақтауды стандарттау саласының сарапшысы; - денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу тәжірибесі; - денсаулық сақтау саласында стандарттауды дамыту арқылы ұлт денсаулығының жақсаруына жәрдемдесу; - денсаулық сақтауды стандарттау жүйесінің тиімділігін күшейтуде қабылданған шешімдерді сүйемелдеу; - ана мен бала денсаулығын қорғау саласындағы медициналық ұйымдардың қызметтерін үйлестіру; - жобалық менеджмент. Ағымдағы жобалар: - неврологиялық көмек, акушерлік-гинекологиялық көмек, клиникалық фармакология қызметі, жалпы хирургиялық көмек көрсету ұйымдарының стандарттарының жобаларын әзірлеуде әдістемелік сүйемелдеу; - енгізудегі кедергілерді анықтау және оларды жою жөнінде ұсыныстар ойластыру арқылы медициналық қызмет көрсету ұйымдарының бекітілген стандарттарын енгізу тиімділігінің индикаторлары мен мониторингін жасау; - салалық қызметтердің медициналық көмек көрсету ұйымдарының стандарттарын әзірлеуде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, медициналық ұйымдардағы барлық клиникалық және клиникалық емес өндірістік процесстерді стандарттау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу, оларды енгізу және мониторинг жүргізу; - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге дайындық жөніндегі жұмыс тобының мүшесі; - Қазақстандағы денсаулық сақтау жаһандық бағдарламалары мен халықаралық медициналық-санитарлық ережелерді жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі; - «100 мәселе -– 100 шешім – 100 күн» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі; - денсаулық сақтау саласындағы қайта реттеу процесстері жобасындағы жұмыстар, АМСК жұмылдыру және басымдықты дамыту негізінде барлық қызметтерді пациенттің қажеттілігінің айналасына біріктіру. Байланыс дерегі: imanova_zh@rcrz.kz, +7 (7172) 700-950 (ішкі 1033) |