Жараспаева Гүлмира Ергешпайқызы - Тараз қ. «ДСДРО» РМК аймақтық маман-өкілі

Білімі және біліктілігі:

Алматы мемлекеттік медицина институты

Фармацевтика факультеті

Маман – провизор.

Негізгі құзыреттілігі мен білігі:

- медициналық ұйымдар мен тұрғындарға білім беру семинарлары мен лекцияларын өткізу;

- дәрілік заттардың қолданылуын бағалау (АВС/VEN талдау жүргізу);

- БАҚ-мен жұмыс дағдысы;

- дәрілік заттардың тағайындалу тәжірибесін зерттеу;

- өзінің мамандану саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, нормативтік-құқықтық деректерді білуі.

Ағымдағы жобалар:

- жыл бойы «100 күн – 100 мәселе – 100 шешім» әлеуметтік жобасы аясында қысқа мерзімді жоспар тармақтары бойынша жұмыс атқару;

- аккредитациялау алдында дайындық жүргізу үшін ДСДРО мен медициналық ұйымдар арасында өтемді қызмет көрсету туралы шарт жасау жөнінде медициналық ұйымдармен түсіндіру жұмыстары;

- «KNF – дәрі-дәрмек туралы нақтылық» тақырыбында тұрғын халыққа арналған ақпараттық жұмыс

- KNF – дәрі-дәрмек туралы нақтылық» жалпы тақырыбымен KNF туралы таныстырылымдар, танымдық материалдар түрінде бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар жариялау, радио, телеарналардан сөз алу.