Жараспаева Гүлмира Ергешпайқызы - Тараз қ. «ДСДРО» РМК аймақтық маман-өкілі Білімі және біліктілігі: Алматы мемлекеттік медицина институты Фармацевтика факультеті Маман – провизор. Негізгі құзыреттілігі мен білігі: - медициналық ұйымдар мен тұрғындарға білім беру семинарлары мен лекцияларын өткізу; - дәрілік заттардың қолданылуын бағалау (АВС/VEN талдау жүргізу); - БАҚ-мен жұмыс дағдысы; - дәрілік заттардың тағайындалу тәжірибесін зерттеу; - өзінің мамандану саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, нормативтік-құқықтық деректерді білуі. Ағымдағы жобалар: - жыл бойы «100 күн – 100 мәселе – 100 шешім» әлеуметтік жобасы аясында қысқа мерзімді жоспар тармақтары бойынша жұмыс атқару; - аккредитациялау алдында дайындық жүргізу үшін ДСДРО мен медициналық ұйымдар арасында өтемді қызмет көрсету туралы шарт жасау жөнінде медициналық ұйымдармен түсіндіру жұмыстары; - «KNF – дәрі-дәрмек туралы нақтылық» тақырыбында тұрғын халыққа арналған ақпараттық жұмыс - KNF – дәрі-дәрмек туралы нақтылық» жалпы тақырыбымен KNF туралы таныстырылымдар, танымдық материалдар түрінде бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар жариялау, радио, телеарналардан сөз алу. |