Кәкешова Ботагөз Төлейбергенқызы - Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығының Алматы қ. аймақтық бөлімінің бас маманы

Білімі және біліктілігі:

«провизор» біліктілігі бойынша фармацевтикалық жоғары білім – Шымкент мемлекеттік фармацевтика институты; фармацевтика ғылымдарының кандидаты, «Денсаулық сақтау менеджері», «Әлеуметтік гигиена және қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша сертификаттары бар.

Негізгі құзыреттілігі мен білігі:

- халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық негіздері;

- медициналық ұйымдардағы дәрілік заттар менеджменті;

- білім беру семинарлары мен лекцияларын өткізу;

- мақалалар, анықтамалықтар жазу;

- дәрілік заттардың қолданылуын бағалау;

- дәрілік заттардың тағайындалу тәжірибесін зерттеу.

Ағымдағы жобалар:

- дәлелді медицина қағидаттары негізінде дәрілік заттарды ұтымды пайдалану;

- формулярлық комиссия консультативтік-әдістемелік көмек;

- дәрілік заттар мен халықтың дәрі-дәрмек пайдаланудағы сауаттылығын арттыру туралы расталған ақпарат ұсыну;

- амбулаториялық деңгейде ақысыз негізде дәрілік заттармен қамтамасыз етілуіне қанағаттануы бойынша халық арасында зерттеу жүргізу.

Байланыс дерегі: Kakeshova@mail.ru