Үмбетова Жанар Құлпыбайқызы - баспасөз хатшысы. Білімі және біліктілігі: жоғары, журналистика, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. Журналистикадағы (денсаулық сақтау саласы бойынша) жұмыс тәжірибесі 20 жылдан асады. Негізгі құзыреттілігі мен білігі: - БАҚ-да, әлеуметтік желілер мен ақпараттық порталдарда жариялау үшін мемлекеттік тілде сапалы мақалалар, баспасөз релиздерін және басқа ақпараттық материалдар жазу; - радиостанцияларда, телеарналарда сөйлеу үшін спикерлерге материалдар әзірлеу; - брифингтер, дөңгелек үстелдер, баспасөз конференцияларын, акциялар және басқа да шаралар ұйымдастыруға қатысу, олардың бұқаралық ақпарат құралдарында берілуін қамтамасыз ету; - тиісті ақпараттарды басшылықпен келісілгеннен кейін әлеуметтік желілердегі Парақшалар мен сайттарды қажетті контенттермен толықтыру; - барлық материалдардың екі тілде сәйкестілігін қамтамасыз ету; Ағымдағы жобалар: - Орталық қызметін ақпараттық сүйемелдеу; - «100 күн – 100 мәселе – 100 шешім» әлеуметтік жобасының нәтижелері бойынша ақпараттандыру; - бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Орталықтың жағымды имиджін қалыптастыру. Байланыс деректері: umbetova_zh@rcrz.kz, +7 (7172) 700-950 ішкі 1127. |