Дәулетбекова Жансая Дабылқызы - медициналық-экономикалық талдау бөлімінің жетекші маманы Білімі және біліктілігі: «қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша жоғары медициналық, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, «юриспруденция» мамандығы бойынша жоғары заңгерлік – Ресей халықтар достығы университеті Негізгі құзыреттілігі мен білігі: - стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмекке ақы төлеу үшін клиникалық-шығын топтарын құру өлшемдерін әзірлеуге қатысу; - диагностика мен емдеудің бекітілген клиникалық хаттамаларға сәйкестілігі үшін нақты шығындарға талдау жүргізу; - денсаулық сақтау субъектілерінен, уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарынан, мемлекеттік органдардан, қоғамдық ұйымдардан клиникалық-шығын топтарын құру логикасын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жинау; - клиникалық-шығын топтары бойынша стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмекке ақы төлеу үшін жүргізілетін операциялар мен қимыл-қозғалыстар тізбелерін (аурулардың халықаралық жіктемесі, 9-қайта қаралған) түзетуге қатысу; - клиникалық-шығын топтарының немесе тарификатор тізбесіне қосу үшін ұсынылатын медициналық қызметтер калькуляциясының клиникалық бөлігін талдау; - тарификатордың медициналық қызметтер тізбесін қайта қарау. Ағымдағы жобалар: - миокард инфаркты, инсульт, травматологиялық және онкологиялық ауруларды емдегенде жұмсалған нақты шығындар деректерін жинауға бағытталған жобаны әдістемелік қолдау; - аурулардың халықаралық жіктемесі, 10-қайта қаралған аурулар бойынша сырқаттар кодтарының тізбелерін, аурулардың халықаралық жіктемесі, 9-қайта қаралған аурулар бойынша операциялар мен қимыл-қозғалыстар тізбелерін акушерлік-гинекологиялық, неонатологиялық және кардиохирургиялық салалар бойынша клиникалық-шығындар топтарын жетілдіруге бағытталған жобаның нәтижелері бойынша түзету. Байланыс дерегі: dauletbekova_zh@rcrz.kz, +7 (7172) 700-950 (ішкі 1092) |