Серікбаев Нұрсұлтан Сабыржанұлы - медициналық-экономикалық талдау бөлімінің бас маманы Білімі және біліктілігі: - «қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша жоғары медициналық, Қарағанды ММУ, «қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистратура, «АМУ» АҚ. Негізгі құзыреттілігі мен білігі: - стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмекке ақы төлеу үшін клиникалық-шығын топтарын құру өлшемдерін әзірлеуге қатысу; - денсаулық сақтау субъектілерінен, уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарынан, мемлекеттік органдардан, қоғамдық ұйымдардан клиникалық-шығын топтарын құру логикасын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жинау; - клиникалық-шығын топтары бойынша стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмекке ақы төлеу үшін жүргізілетін операциялар мен қимыл-қозғалыстар тізбелерін (аурулардың халықаралық жіктемесі, 9-қайта қаралған) түзетуге қатысу; - клиникалық-шығын топтарының немесе тарификатор тізбесіне қосу үшін ұсынылатын медициналық қызметтер калькуляциясының клиникалық бөлігін талдау; - тарификатордың медициналық қызметтер тізбесін қайта қарау.
- миокард инфаркты, инсульт, травматологиялық және онкологиялық ауруларды емдегенде жұмсалған нақты шығындар деректерін жинауға бағытталған жобаны әдістемелік қолдау; - аурулардың халықаралық жіктемесі, 10-қайта қаралған аурулар бойынша сырқаттар кодтарының тізбелерін, аурулардың халықаралық жіктемесі, 9-қайта қаралған аурулар бойынша операциялар мен қимыл-қозғалыстар тізбелерін акушерлік-гинекологиялық, неонатологиялық және кардиохирургиялық салалар бойынша клиникалық-шығындар топтарын жетілдіруге бағытталған жобаның нәтижелері бойынша түзету. Байланыс дерегі: serikbaev_n@rcrz.kz, , +7 (7172) 700-950 (ішкі 1092) |