Әбенов Нұрбол Нұралыұлы - Бөлімінің бастығы

Білімі және біліктілігі:

«стоматология» мамандығы бойынша жоғары медициналық, интернатура, магистратура - Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті

Негізгі құзыреттілігі мен білігі:

- стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмекке ақы төлеу үшін клиникалық-шығын топтарын құру өлшемдерін әзірлеуге қатысу;

- диагностика мен емдеудің бекітілген клиникалық хаттамаларға сәйкестілігі үшін нақты шығындарға талдау жүргізу;

- денсаулық сақтау субъектілерінен, уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарынан, мемлекеттік органдардан, қоғамдық ұйымдардан клиникалық-шығын топтарын құру логикасын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жинау;

- клиникалық-шығын топтары бойынша стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмекке ақы төлеу үшін жүргізілетін операциялар мен қимыл-қозғалыстар тізбелерін (аурулардың халықаралық жіктемесі, 9-қайта қаралған) түзетуге қатысу;

- клиникалық-шығын топтарының немесе тарификатор тізбесіне қосу үшін ұсынылатын медициналық қызметтер калькуляциясының клиникалық бөлігін талдау;

- тарификатордың медициналық қызметтер тізбесін қайта қарау.

Ағымдағы жобалар:

- миокард инфаркты, инсульт, травматологиялық және онкологиялық ауруларды емдегенде жұмсалған нақты шығындар деректерін жинауға бағытталған жобаны әдістемелік қолдау;

- аурулардың халықаралық жіктемесі, 10-қайта қаралған аурулар бойынша сырқаттар кодтарының тізбелерін, аурулардың халықаралық жіктемесі, 9-қайта қаралған аурулар бойынша операциялар мен қимыл-қозғалыстар тізбелерін акушерлік-гинекологиялық, неонатологиялық және кардиохирургиялық салалар бойынша клиникалық-шығындар топтарын жетілдіруге бағытталған жобаның нәтижелері бойынша түзету.

Байланыс дерегі: abenov_n@rcrz.kz, +7 (7172) 700-950 (ішкі 1092)