Әйтенова Жансұлу Бексайытқызы - Экономика және жоспарлау бөлімінің бастығы

Білімі және біліктілігі:

Петропавл есеп-экономика техникумы, «ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп» факультеті, «бухгалтер» мамандығы; Алматы экономика және статистика академиясы, «қаржы және кредит» факультеті, «экономист» мамандығы.

Негізгі құзыреттілігі мен білігі:

- бөлім жұмысының ағымдағы және келешектегі жоспарларын әзірлеу, олардың орындалуын бақылау;

- жоспарлық-экономикалық жұмыстарды үйлестіру және бақылау;

- Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметтерін қаржыландырудың қолданыстағы жолдарын талдап, қосымша көздерін іздестіру; әрбір қаржыландыру көзіне қарай мүмкін болатын қаржылық және басқа қауіптерді бағалау;

- статистикалық деректерді талдау;

- бухгалтерлік есеп жүргізу.

Ағымдағы жобалар:

- бюджеттік тапсырыстарды, шығындар, есептер мен негіздемелер сметаларын құрастыру;

- Даму жоспарын құру және оның орындалуы жөніндегі есеп.

Байланыс дерегі: aitenova_zh@rcrz.kz, 700-950 (вн.1027)