Ысқақова Айман Қадырханқызы – бас директордың орынбасары Медицина ғылымдарының докторы, Алматы мемлекеттік медицина институтын дәрігер-педиатр мамандығы бойынша тәмамдаған. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында «гематология» мамандығы бойынша клиникалық ординатурадан өткен (Алматы қаласы). 1999 және сәйкесінше 2007 жылдары бала онкогематологиясы бойынша кандидаттық және докторлық диссертация қорғаған. Еңбек өтілі: 1999-2001 жж. – ПжБХҒО онкогематология бөлімшесінің дәрігері, Алматы қаласы; 2001-2007 жж. – ПжБХҒО онкогематология бөлімшесінің аға ғылыми қызметкері; 2007-2009 жж. - ПжБХҒО ақылы медициналық қызмет бөлімшесінің меңгерушісі; 2009-2010 жж. – «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі бас менеджері, Астана қаласы; 2011-2015 жж. – «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ (АБҰҒО) білім және инновациялық технологиялар бөлімінің бастығы, Астана қаласы; 2012-2014 жж. – АБҰҒО педиатрия жөніндегі консультанты, бас ғылыми қызметкері; 2016-2017 жж. - «UMC» корпоративтік қорының ғылым және білім департаменті директорының орынбасары, Астана қаласы. «Болашақ» бағдарламасының «Бала онкогематологиясы» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдама» санатындағы стипендиаты, Питтсбург Университетінің Медицина орталығы, г.Питтсбург, Пенсильвания штаты, 2014-2015 жж. Сондай-ақ, Қазақстанда, Ресейде, Германияда бірнеше мәрте біліктілігін арттырған. 47 ғылыми мақаланың, 2 әдістемелік ұсынымның авторы, 2 өнертабыс патенті бар. Бірнеше мәрте грамоталармен және дипломдармен марапатталған. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.
Адами ресурстарды және ғылымды дамыту, менеджмент, медициналық көмекті жетілдіру, стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау орталықтарына жетекшілік етеді. |