Айыпханова Айнұр Тоқсанқызы – Бас директор. Денсаулық сақтау саласындағы кәсіби басқарушы, аккредитация саласындағы халықаралық сарапшы, сапа менеджменті, Президенттің «Болашақ» бағдарламасы негізінде білім алып, «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Денсаулық сақтауды басқару» мамандықтары бойынша Индиана Университетінің (АҚШ) бакалавриатын және магистратурасын үздік бітірген. 2009-2010 жылдары Денсаулық сақтау саясаты институтының кіші ғылыми қызметкері бола жүріп, Индиана штатындағы St. VincentHealthSystem аурухана кешенінің әкімшілігінде тәжірибе жинақтаған.
Еңбек өтілі:
АҚШ, Германия, Испания, Ұлыбритания, Италия, Австрия, Чехия елдерінде біліктілігін арттырды. Денсаулық сақтау көшбасшылары Америка коллегиясының (АСНЕ) және Денсаулық сақтау саласындағы Ұлттық Сапа Қауымдастығының (NAHQ) мүшесі. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген. ҚР денсаулық сақтау саласына халықаралық стандарттарды енгізуде қосқан үлесі үшін 2012 жылы Денсаулық сақтау министрінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. |