Әбдуәжитова Әсел Мұратқызы - медицина ғылымын дамыту және әдеп бөлімінің бас сарапшысы

Білімі және біліктілігі:

«Экология» мамандығы бойынша бакалавриат, магистратура және аспирантура, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті; «юриспруденция» мамандығы бойынша бакалавриат, химия ғылымдарының кандидаты, доцент; Ресей жаратылыстану академиясының «Профессор», «Ғылым және білім берудің еңбек сіңірген қайраткері» атақтары берілген; «Ресейдің атақты ғалымдары» энциклопедиясының қатысушысы; Еуропа жаратылыстану академиясының мүшесі; Аккредиттеу және рейтингілеу тәуелсіз агенттігінің сарапшысы; «Қазақстан ғалымдары» энциклопедиясының қатысушысы.

Авторлық құқықтар туралы 3 куәлігі, 2 іске асыру куәлігі және 40-тан астам түрлі республикалық және халықаралық журналдарда жарияланымдары бар.

ҚР БҒМ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы атаулы куәлігі бар.

Cертификаттары:

«Медициналық ғылым және білім. Зерттеу менеджменті. Медициналық технологияларды бағалау», «Денсаулық сақтау менеджменті»; «Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулерді тиімді жоспарлау негіздері»; «Ғылыми зерттеулер хаттамасын әзірлеу»; «Ecology.Radiation.Health»; «Эпидемиология, профилактика және қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастырудың өзекті сұрақтары»; «Статистикалық талдау мен дәлелді медицинаның заманауи әдістерін пайдалана отырып медициналық зерттеулерді ұйымдастыру» тақырыптары бойынша Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы, Семей мемлекеттік медицина университеті, ҚДСЖМ сертификаттары бар.

Ағымдағы жобалар:

- ғылыми-медициналық сараптама;

- денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеулер тәжірибелерін талдау;

- денсаулық сақтау саласында жасалып жатқан ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тәжірибеге енгізу мониторингі;

- денсаулық сақтау саласының ғылыми-зерттеу қызметкерлерімен қамтамасыз етілу жағдайын бағалау;

- денсаулық сақтау жүйесінің ғылыми және инновациялық инфрақұрылымдарын зерделеу;

- «Медициналық білім мен ғылымды жаңғырту» жобасын жүзеге асыруға атсалысу.

Байланыс деректері: abduazhitova_a@rcrz.kz700-950 (ішкі 1058)