Койков Виталий Викторович - адами ресурстарды және ғылымды дамыту орталығының басшысы.

Білімі және біліктілігі:

медициналық жоғары білім, ММА; медицина ғылымдарының кандидаты, медицина ғылымдарының докторы.

Сертификаттары:

- медициналық білім беру ұйымдарының, ғылыми және инновациялық қызмет менеджментінің, денсаулық сақтау және қоғамдық денсаулық сақтау менеджментінің түрлі аспектілері бойынша Израильде (Тель-Авив университеті); Малайзияда (Ұлттық ғылымдар академиясы), АҚШ (Нью-Мексико университеті; Бирмингем университеті; Нью-Йорк университеті), Қытайда (ҚХР Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі), Түркияда, Словенияда, Литвада, Молдовада (ДДҰ Еуропа бюросының тренингі), Германияда (Гейдельберг университеті) тағылымдамалардан өтіп, біліктілігін арттырды;

- 2014 жылдан бастап ДДҰ Еуропа бюросының Қазақстанды EVIPNet жаһандық желісіне енгізу жөніндегі пилоттық жобасының елдік үйлестірушісі (National Champion).

- дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия лауреаты, 2006-2008 жж.

- «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі; «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының алғыс хаты; мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі үшін ҚР Президенті Н. Назарбаевтың құрмет грамотасы; «ҚР денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісі;

- Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы жанындағы «Нұр Отан» ХДП бірінші партия ұйымының төрағасы.

 

Байланыс деректері: раб.тел.: 70-09-50 (ішкі 1050).