ҰҒДСДО барлық медициналық бейіндер бойынша ақылы негізде клиникалық хаттамалар жобаларына сараптамалық бағалау жүргізеді

Автор: Super User
Возможно, это изображение (1 человек и текст)
  
Құрметті әріптестер!
ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК Стандарттау департаменті барлық медициналық бейіндер бойынша ақылы негізде клиникалық хаттамалар жобаларына сараптамалық бағалау жүргізеді.
 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 09.07.2021 жылғы «Клиникалық хаттамаларды әзірлеу мен қайта қараудың кейбір мәселелері туралы» №404 бұйрығына сәйкес ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК клиникалық хаттамаларға сараптамалық бағалау жүргізуге жауапты ұйым болып белгіленді.
 
Клиникалық хаттама – бұл белгілі бір ауру немесе науқастың жағдайы үшін алдын-алу, диагностикалау, емдеу, медициналық оңалту және паллиативті медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсыныстар.
 
Клиникалық хаттамаларды жекелеген аурулар, жай-күйлер немесе медициналық араласулар (аурулар топтары, жай-күйлер немесе медициналық араласулар) бойынша денсаулық сақтау саласындағы үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, аурулардың халықаралық сыныптамасының тиісті кодтарын көрсете отырып, ғылыми медициналық орталықтар (институттар), жоғары медициналық оқу орындары әзірлейді.
 
Клиникалық хаттамаларға сараптама жүргізуге қатысты барлық сұрақтар бойынша (ақылы негізде) ҰҒДСДО Стандарттау департаментіне хабарласуға болады:
700-950 (ішкі: 1128, 1075), +7 778 778 79 08 немесе электрондық поштаға: akhmetova_gulnara@rcrz.kz, jilkaidarova_r@rcrz.kz