"Энтералдық тамақтану" тақырыбы бойынша 2 күндік семинар-тренинг өтеді

Автор: Super User

АНОНС

 

Энтеральное питание купить в СПб, цена - Медтехника и запчасти  интернет-магазин в Санкт-Петербурге, адреса, официальный сайт

 

2022 жылғы 14-15 наурызда ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – ҰҒДСДО) «Көп бейінді стационарлардың хирургиялық, ренимациялық, травматологиялық, неврологиялық және күйік бөлімшелерінің пациенттеріне арналған Энтералдық тамақтану» тақырыбы бойынша 2 күндік семинар-тренинг өткізуді жоспарлап отыр.

Өтетін орны: Атырау қ.
Ұзақтығы: 16 сағат/ 2 күн (сертификат беріледі)

 

Мақсат – бұрын алынған құзыреттерді жетілдіру және энтералдық тамақтануды жүргізумен байланысты кәсіби қызметті орындау үшін қажетті жаңа құзыреттерді алу болып табылады.

Оқу барысында тыңдаушылар ауыр жағдайдағы науқастарға және асқазан-ішек жолдары (АІЖ) жұмыс істейтін, бірақ нутриенттердің жеткілікті мөлшерін тұтына алмайтын пациенттерге энтеральді тамақтануды қолдану бойынша білім мен дағдыға ие болады.

Семинарға Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан энтералдық тамақтануды жүргізуге жауапты көп бейінді стационарлардың дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлерін шақырамыз.


Толық ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласыңыз +7 7172 700 950 (вн 1041),
+ 7 775 441 2682 (бас маман Ырысты Тапалова) немесе электрондық поштаға жазыңыз: info@rcrz.kz