Менеджмент және корпоративті басқаруды дамыту

Менеджмент орталығы

Менеджмент орталығы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 212 «Жоба шеңберінде құрылған ДСМО жұмыс істеуін қамтамасыз ету туралы» бұйрығымен құрылған және ДСДРО құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстар Обсерваториясы Вице-министрдің «Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын  жоспарлау және болжаудың жүйесін құру туралы»  2014 жылғы 7 сәуірде № 173 бұйрығымен «Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстар Обсерваториясы» құрылған.

 

Ағымдағы құрылым

 

 

Мақсаты   Міндеттері

Заманауи менеджментті дамыту және денсаулық сақтау ұйымдарында корпоративтік басқаруды жетілдіру негізінде денсаулық сақтаудағы бәсекелестікті тиімді басқаруды және дамытуды, жоспарлау және болжау тетіктерін, денсаулық сақтау ұйымдарында кадрлық қамтамасыздықты бақылауды  қамтамасыз ету, денсаулық сақтаудың адами капиталды дамытуды бағалауын жүргізу  
  • Корпоративті басқаруда Нормативті-құқықтық және әдістемелік базаны  жетілдіру және денсаулық сақтау ұйымдарында корпоративтік басқару принциптерін біртіндеп енгізу;
  • Денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына жаңа біліктілік талаптарын әзірлеу және енгізу негізінде менеджменттің көшбасшылық және кәсіби дағдыларын дамыту, басқаруды ынталандыру және қолдау;
  • Денсаулық сақтау ұйымдарында заманауи басқару технологияларын енгізу;
  • Денсаулық сақтау адами ресурстарын және медициналық ғылымды дамытуға, салада қызметкерлерді басқарудың инновациялық технологиясын енгізуге  жәрдемдесу;
  • Денсаулық сақтауда кадрлық ресурстарға қажеттілікті жоспарлау және болжау  әдістерін жетілдіру;
  • Адами ресурстарды басқару мен дамыту тетігін жаңарту, денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық қызмет әлеуетін нығайту;
  • Бағалауда үйлестік-консультациялық қызметті жүргізу және денсаулық сақтаудың кадрлық әлеуетін дамыту;
  • Денсаулық сақтаудағы адами капиталды дамыту бойынша ақпараттық деректерді талдау;
  • Бөлімшенің жұмыскерлер потенциалын көтеру үшін денсаулық сақтаудың дамыту менеджменті бойынша халықаралық үйлестік-консультациялық шараларда қатысу;
  • Денсаулық сақтау менеджлерін, менеджменттің өзекті сұрақтары мен денсаулық сақтаудағы адами капиталды дамыту бойынша денсаулық сақтау жұмыскерлерін оқытуды ұйымдастыру жөнінде қызмет көрсету
  • Адами капиталды жетілдіру аймағында халықаралық ынтымақтастық;
  • Адами капиталды дамыту мақсатында стейкхолдерлармен серіктестік ынтымақтастық құру.

 

 

   Ғылыми және жобалық қызмет

Әдістемелік қолдау (ғылыми және медициналық даму)

 

Ақпараттық-кеңес беру қызметі

Білім беру қызметі

 

Менеджментті дамыту және корпоративтік басқаруды енгізу бойынша әдістемелік қолдау

 

 


Нормативтік құқықтық актілер



 

Әдістемелік ұсынымдар мен әдістемелер


-Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың стратегиялық жоспарын әзірлеу әдістемесі

-«Амбулаторлық және стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда заманауи ресурстық үнемдеу технологияларын енгізу:  ұқыпты өндіріс технологиялары (Lean)»;

-«Медициналық ұйымдардың басшыларына сыйақы беру жүйесін енгізу»;

- Мемлекеттік органдардың қызметін бағалау әдістемесі

- БК кіретін тәуелсіз директорларды бағалау критерийлері бар әдіснама

- КБ негіздерін енгізу бойынша тәжірибелік нұсқаулық

- «Медициналық ұйымдарының  КБ әдіснамалық негіздері» анықтамалығы

- «Медициналық технологияларды бағалау принциптеріне негізделген инновациялық менеджмент технологияларын кезең-кезеңмен енгізу» әдістемелік ұсыныстары

- Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік кәсіпорындардың басшылық (басқару және қаржы аппараты) лауазымына конкурстық және алқалық негізде кадрларды іріктеу және іріктеу қағидаттарын енгізу

  


Оқыту